Бақыт Мелдешов: Биылғы сайлауға 288 байқаушы қатысты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақыт Мелдешов: Биылғы сайлауға 288 байқаушы қатысты (ВИДЕО)

28.06.2017

Бүгінгі «Басты тақырып» осыдан бірнеше сағат бұрын аяқталған ҚР Сенат сайлауы турасында өрбіді. Студияда Орталық сайлау комиссиясының хатшысы – Бақыт Мелдешов қонақта болды.

Сайлау қалай өтті? Орталық сайлау комиссиясының нәтижесі қашан шығарылады? Осы сауалдарға алдымен жауап берген хатшы сайлау кезінде еш кедергі болмағанын айтады.

«Тіркеу жұмыстары жылдам өтті. Себебі, биылғы науқанның ерекшелігі бар, биыл сайлау электронды түрде жүргізілді. Айта кету керек, 2011 жылы сайланған депутаттардың мерзімі аяқталып, биыл қайтадан сайлауға түсті. Қалған азаматтар мемлекеттік қызметкерлер, облыстық мәслихат хатшылары, бизнес өкілдері және бір ректор бар»,-дейді Бақыт Мелдешов.

Хабар барысында Бақыт Мелдешов үміткерлер арасында ең жоғары және ең төмен дауыс жинаған депуттаттарға, қай мемлекеттерден қанша байқаушы қатысқанына да тоқталды.

Хабарламаларға жазылу