«Таңшолпан». Қанат Айтбаев: Халықтың қолдауы, қошеметі – баға жетпес қазына (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Қанат Айтбаев: Халықтың қолдауы, қошеметі – баға жетпес қазына (ВИДЕО)

28.06.2017

Ерекше дауыс иесі Димаш Құдайбергеновтың жанкүйерлері Астанаға келді. Жанкүйерлердің басқосуына Қытай, АҚШ, Украина, Ресей, Жапония, Корей елдерінен жанкүйерлер арнайы келді. Соларың бірі - Америкадағы Димаштың фан тобының ұйымдастырушысы 58 жастағы Алиса ханым.

«Маған құрбым Димаштың әнін тыңдатты. Сондан бері Димашқа ғашықпын. Астанаға сол үшін келдім. Осы уақытқа дейін Қазақстан туралы мүлдем білмеппін. Димаштың қазақ азаматы екеніне таң қалдым. Қазір қазақ елінің мәдениетімен танысып жатырмын. Әншімен кездесу бақыты да бұйырды. Ол мен ойлағандай тамаша жан екен», - дейді Алиса ханым.

Іс-шараның басты мақсаты – жанкүйерлердің кездісіп, танысуы, әрі қарай қатынастарын нығайтуы. Оның өнерін сүйетін фанаттар қатарында әр түрлі жастағы, түрлі саладағы жандар бар. Олар еліміздегі және шетелдегі фан топтардың жұмысын дамытып, жоспарлап отыр.

Кездесуде басты кейіпкеріміз болмаса да, оның отбасының келгені қонақтарды ерекше қуантты.

«Тек өзіміздің, көрші мемлекеттің емес, мұхит асып келген ұлт өкілдері келіп жатыр. Осының бәрі музыкада шекара жоқтығының дәлелі. Халықтың қолдауы, қошеметі – баға жетпес қазына», - Қанат Айтбаев.

Хабарламаларға жазылу