Ұлт көшбасшыларының атын тарихта қалдыру әлемдік тәжірибеде қалай жүзеге асырылады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлт көшбасшыларының атын тарихта қалдыру әлемдік тәжірибеде қалай жүзеге асырылады?

21.06.2017

Астана халықаралық әуежайына Елбасының есімі берілді. Үкімет Қаулы қабылдап, елорданың әуе қақпасы бүгіннен бастап Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталмақ. Неге мұндай шешім қабылданды? Ұлт көшбасшыларының, ұлы тұлғалардың атын тарихта қалдыру әлемдік тәжірибеде қалай?

«Басты тақырыптың» қонағы – мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.

Көрнекті ғалым Үкімет қаулысына қатысты «Бұл - таңданатын дүние емес. Бұрын да аталуы мүмкін еді. Көпшілік білетіндей, Елбасы бұған ырық берген жоқ. Парламент қабырғасында да, бұқаралық ақпарат құралдарында да көтеріліп, зиялы қауым ойларын білдіріп жүрді.

Мемлекетке еңбегі сіңген қайраткердің есімін беру, сақтау - әлемде бар үрдіс, үлкен тәжірибе. Елбасы есімін әуежайға беру – көптің тілеуі. Тәуелсіздікті алып келген, қирандыдан мемлекет салған, елорда тұрғызып, елді әлемге танытқан - Назарбаев. Сондықтан, бұл шешімді құптаймын», деген пікірін білдірді.

Толық нұсқа 

Хабарламаларға жазылу