Әлкен Бисеков: Бейресми ақпарат бойынша, бүгінге дейін көрмені тамашалаушылар саны 100 мыңнан асты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлкен Бисеков: Бейресми ақпарат бойынша, бүгінге дейін көрмені тамашалаушылар саны 100 мыңнан асты (ВИДЕО)

18.06.2017

Осыдан тура бір апта бұрын бүкіл әлемнің назарын Орталық Азияға, оның ішінде Астанаға аударған айтулы оқиға болды. Ол - «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуы. Оған қазақстандықтар ғана емес, күллі әлем куә болды.

Жалпы, халықаралық көрмеге 115 елдің және 22 халықаралық ұйымның өкілдері қатысып, өз елдеріндегі бүгінгі жеткен жетістіктерін көрсетіп, болашаққа жоспарларын да ұсынбақ.

Осы халықаралық шараны ұйымдастыру және оны Астанада өткізудің қандай қажеттілігі болды? Көрмеге келіп жатқан елдер не ұсынды? Біз не көрсете аламыз? Мұндай іс-шараның әлемдік саясаттағы салмағы қандай? Бүгінгі «1-студия» саяси ток-шоуында осы мәселелерге жауап іздеп көрмекпіз.

«Қазіргі таңда бүкіл павильондар толықтай ашылды. Бейресми ақпарат бойынша, қазіргі уақытқа дейін келіп тамашалаушылар саны 100 мыңнан асты. Жоспар бойынша 3 айдың көлемінде  5 миллион адам келіп тамашалайды деп отырмыз», - дейді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаменті директорының орынбасары Әлкен Бисеков. 

Ал, ҚР Сыртқы істер министрлігі ЭКСПО-2017 хатшылығының басшысы Азамат Әбдірайымов «ЭКСПО» тақырыбы бүкіл әлем бойынша маңызды екенін атап өтіп, көрменің өте сәтті басталғанын жеткізді.

 

Хабарламаларға жазылу