Әрбір үшінші қазақстандық демалысын Түркия елінде өткізуді жөн көреді

17.06.2017

Биылғы көрсеткішке сәйкес, әрбір үшінші қазақстандық демалысын Түркия елінде өткізуді жөн көреді екен. 2015-2016 жылдары демалысын шетелде өткізуге бел буған азаматтарға валюта бағамы, табыс көлемі секілді факторлар кедергі келтірді. Алайда, соның өзінде бұл елде 320 мыңға жуық қазақстандық демалып қайтқан. Ал, 230 мыңнан астам отандас Қытай еліне барса, 118 мың азамат БАЭ-не сапарға аттанған.

«Amara Dolce Vita» қонақ үйінің бас менеджері Тамер Оналденің айтуынша, 2016 жылы Қазақстаннан барған туристер саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда аз болған. Бірақ, биыл сұраныс тағы еселеп артқан.

«Біздің кәсіп туристер санына тікелей байланысты болғандықтан, барлық мейманды үлкен құрметпен қарсы аламыз. Туристер легін игеру үшін қазірдің өзінде бізде 560 адам қызмет қылуда. Демалыс маусымының орта шенінде 600-ден астам қызметкер аламыз деген жоспар бар. Бастысы, біз барлық мейманның көңілінен қалай шығуды жақсы меңгердік», - дейді Тамер Оналде.

Ал, қазақстандық туризмнің қазіргі ахуалы қандай? Толығырақ Айбар Төлжанұлының сюжетінде.

«Мәселенің» отандық туризм жайын қозғаған бүгінгі бағдарламасының толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу