Қазақ елінің ең басты ұтары – тарихи қалалар мен тылсымы көп далалар. Соның бірі - Түркістан мен Сығанақ арасын жалғайтын жерасты жолы. Жолдың ұзындығы 20-25 шақырымды құрайды. Соңы Қаратаудың бауырына әкеледі. Бұл Сыр бойындағы қалалардың бір-бірімен жердің үстімен ғана емес, астымен де байланысқанын көрсетеді.
Жалпы, Қызылорда төңірегінде 50-ден астам ортағасырлық қала бар. Өкініштісі, сол қалаларды қайта қалпына келтіріп, қазақ даласы керемет өркениеттің кіндігі болғанын көрсете алмай келе жатқандығымызда.
Тарихты өзгеге құрметтетудің тәсілдері туралы толығырақ Нұрбек Бекбаудың сюжетінде.
«Мәселенің» отандық туризм жайын қозғаған бүгінгі бағдарламасының толық нұсқасы
