2016 жылы шетелде демалғысы келетін қазақстандықтар кемі 145 мың теңге төлеуі тиіс болған. Бұл – 2015 жылмен салыстырғанда, 46 пайызға қымбат. Сол 145 мыңның 33,9 пайызы барып-қайту билетіне жұмсалған. Шетелдегі қонақүйлерде бір күн түнеуге бұрын қазақстандықтар ең кемі шашамен 7 мың теңгесін жұмсаса, қазір бұл баға 18 мың теңгеден асады. Демек, ең арзан деген қонақүйдің өзі 65 пайызға қымбаттаған. Ал, виза мен паспорт алуға кететін шығын екі есеге өскен. Бұл қымбатшылық тек біздің елде ғана емес, өзгелерде де бар екенін көрсетеді. Бірақ, сонда да халық шетелге құмар.
«Қазақстандағы валюта бағамына қатысты хабарларды тәулік cайын алып, соған қатысты турпакеттерді оңтайлы қылуға тырысамыз. Әрине, Сіздердегі демалыс орындарында демалу құны тым қымбат екенінен хабардармыз. Біз осы тұста қонақүйдегі барлық жағдайды тегін қылып, туристің қалтасынан артық ақша шықпауына жағдай жасаймыз», - дейді Түркиядағы «Nirvanalagoon Villas Siutes & Spa» қонақүйінің менеджері Ердоган Туран.
Шетелге шығарда отандастарымыздың 20,2 пайызы қонақүй туралы елдің ғаламторда не жазғанына қарап, таңдау жасаса, 11,7 пайызы орналасқан аумағына зер салады.
Жағымды жайт, жерлестеріміз шетелге шыққанда есепсіз ақша шашуды күрт доғарған. Бір қазақстандықтың турпакеттен бөлек жұмсайтын шығыны 3-4 жыл бұрынғы 185 АҚШ долларынан 169 долларға түскен
Шетелдіктен біздің отандық туризм несімен ұтылып тұр? Толығырақ «Мәселе» тілшісі Әлия Әшімнің сюжетінде.
«Мәселенің» отандық туризм жайын қозғаған бүгінгі бағдарламасының толық нұсқасы