Бүгіннен бастап Ұлттық арнадан түріктің «Ертұғырыл» телехикаясы көрерменге жол тартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап Ұлттық арнадан түріктің «Ертұғырыл» телехикаясы көрерменге жол тартады

13.06.2017
Бүгіннен бастап Ұлттық арнадан түріктің «Ертұғырыл» телехикаясы көрерменге жол тартады

Бүгіннен бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Ертұғырыл» атты түрік телехикаясы көрерменге жол тартады.

Ертұғырыл - І Османның әкесі. Көршілес жатқан талай мемлекеттердің зәресін алған қас батыр. Оның басты мақсаты басқыншылық саясатын ұстанған византиялықтарды басып алу болды. Ертұғырыл батыр осы мақсатына жеткеннен кейін де тоқтап қалмай, жаугершілік сапарын жалғастырып, Азия мен Еуропаның көп бөлігін иеленген. Әйгілі көсем дүниеден озғанша тақтан таймаған. Ал, оның ұрпақтары ғасырлар бойы көптеген мемлекеттерді басқарған. Ғажайып телехикаядан әлемге әйгілі Осман империясының ұлы күшіне тәнті боласыздар.

Туынды көрермендерді тарих қойнауына сүңгітіп, алпауыт Осман империясының қалыптасу жолымен, көшпелі халықтың тұрмыс-тіршілігімен, тарихи жорықтармен және ең бастысы, мәңгілік махаббат хикаясымен танысуға мүмкіндік береді.

Басты рөлдерде Энгин Алтан, Осман Сойкут, Каан Ташанер, Сердар Гекхан ойнайды.

«Ертұғырыл» тарихи телехикаясын көрермендер дүйсенбі-жұма күндері сағат 22:35-те тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу