Жастар кеңесі жас кәсіпкерлерге қалай көмектеседі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар кеңесі жас кәсіпкерлерге қалай көмектеседі?

12.06.2017

Жастар кеңесі жас кәсіпкерлерге қалай көмектеседі?

Нұрлан Өтешев: «Кәсіпкерлікті дамыту жолында ең алдымен, жас кәсіпкерлерді өндірушілермен кездестірудің өзі үлкен көмек. Мысалы, X отырысқа Қытайдан мистер Ван деген жас кәсіпкер келді. Оның тігін фабрикасы бар. Біздің жас кәсіпкерлер де оған қызығып, нақты шешімдерге енді келіп жатыр. Ең бастысы, екі жақтан да бірге жұмыс істеуге ниет бар. Мүмкін келешекте біздің елден бірігіп бір кәсіпорын аша жатар. Осы орайда біздің де үлесіміз болды деп есептеймін».

Қазақстан ұсынып отырған «жасыл» экономика, туризм, спорт тақырыбы шетелдіктерді қаншалықты қызықтырады?

Нұрлан Өтешев: «Келген делегация дән риза. Олардың қазақтың қонақжайлылығын, тарихын аз да болса біледі. Осы Х отырыста да әр елдің ұлттық бөлімі ризашылықтарын білдіруде».

Айта кетейік, бүгінгі «Басты тақырыпта» Шанхай Ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің Қазақстандағы ұлттық бөлімінің төрағасы Нұрлан Өтешев қонақта болды.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу