Араб әлеміндегі текетірестерде Қазақстан қандай саясат ұстанады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Араб әлеміндегі текетірестерде Қазақстан қандай саясат ұстанады?

05.06.2017

Араб әлеміндегі текетірестер ақыры кейбір елдердің бір-бірімен ат құйрығын кесісуге әкелді.  Бүгін Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр мен Бахрейн көрші жатқан Катармен байланыстарын үзіп, құрлықтағы, теңіздегі, әуедегі қатынасын тоқтатты. Осы саяси оқиғаға байланысты «Басты тақырыпта» арабтанушы Жанат Момынқұлов ой өрбітті.   

 

- Біздің ел Катармен де, Біріккен Араб Әмірліктерімен де, Бахрейнмен де жақсы қарым-қатынаста. Бұл мәселеде Қазақстан қандай саясат ұстануы мүмкін?

-Қазақстан бұл тұрғыда өзінің байсалды саясатын жалғастырғаны дұрыс. Бұл жердегі мәселелер күрделі халықаралық жағдайға әкеліп тіреуі мүмкін болғандықтан, күтіп, бақылағаны, жіті зерттегені дұрыс.

 

- Дау-дамай мұнай саясатына, қара алтын құнына қаншалықты әсер етеді?

Мамандардың сөзіне сүйенсек, оқиға мұнай бағасының түсуіне қысым жасайды деген болжам бар. Бұл мәселелер төңірегінде табиғи газ факторы барын да ескерген дұрыс. Катар мен Иранның ортасындағы теңіз аймағында жартысы Иранға, жартысы Катарға тиесілі кен орындары бар. Бұл - энергетикалық факторы.

 

- Осы мәселеде Түркия қандай рөл ойнайды?

- Түркияның Катарда әскери базасы барын білеміз. Екі ел арасында тығыз ынтымақтастық орнаған. Бұл жерде Түркия соншалықты белсенді ұстаным көрсетеді деп ойламаймын. Себебі, Таяу Шығыстағы жағдайлар Катарды тығырыққа тіреп отыр.

 

 

Толық нұсқа:

Хабарламаларға жазылу