«Балапан жұлдыз» шоу-концерті кастингінің мерзімі ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан жұлдыз» шоу-концерті кастингінің мерзімі ұзартылды

01.06.2017

Ата-аналар мен кішкентай көрермендердің сұрауы бойынша «Балапан» телеарнасындағы «Балапан жұлдыз» шоу-концерті кастингінің мерзімі ұзартылды.

Әнші, биші, күйші, түрлі аспаптарда ойнап, цирк өнерімен айналысатын 5 және 13 жас аралығындағы талантты балаларды іздеу жалғасады.  

Алдыңғы айналымға қатысқан үміткерлер өтінімдерін қайта жіберулері шарт. Себебі, бұл жолы іріктеу талабы күшті болмақ.

Сурет пен аудиовизуалды жазбаларды қабылдау 15 маусымға дейін balapanzhuldyz@kaztrk.kz электронды мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Толық ақпарат: 8 707 447 80 15.   

Хабарламаларға жазылу