Қаныбек Жұмашев: Қуғын-сүргін құрбандарына саяси баға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаныбек Жұмашев: Қуғын-сүргін құрбандарына саяси баға берілді

31.05.2017

31 мамыр – Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Ұлттық арнаның «Басты тақырып» бағдарламасы сөз қозғады. Студия қонағы – «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев. 

«Ол жылдар бір сөзбен айтқанда, ұлттық мүддені аяққа басу, ұлт рухын әлсіретуге бағытталған зұлмат жылдар. Бұл кезеңде қазақ санынан, малынан, тілінен, дінінен айырылып қалуға дейін барды. Қазір құрбандардың рухына тағзым етіп, еске алуға байланысты өткізіліп жатқан барлық шаралар жас ұрпақтың санасында қалуы керек.

Соңғы зерттеулер бойынша, ашаршылықтан қырылған қазақтың саны 2 млн.200-ден асып-жығылады. Оның негізгі себебі - мал шаруашылығынан айырылып қалғандығында», - дейді маман.

Ал, қоғамда тарихшылар мен ғалымдар тарапынан айтылатын «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына саяси баға бере алмай келе жатырмыз», деген пікірге қатысты «Оқиғаға саяси баға берілді, беріліп те келе жатыр. Бұл – тек қазақтың басында болған нәубет емес. Салыстырмалы түрде қарасақ, қуғын-сүргін кезінде Кеңес одағы мемлекеттерінің ішінде 3 млн. 774 мың адам істі болып, түрмеге отырса, 672 мыңы атылған. Ал, ашаршылықтан қаза тапқандар 7 миллионнан асып-жығылады. Сондықтан, бұл одақ мемлекеттері арасындағы барлық ұлттың басында болған зұлмат. Сол кездегі жазықсыз атылып кеткен, сотталған азаматтардың барлығы дерлік кейін ақталды, ұрпақтары әділ бағасын алды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де мемлекетаралық комиссияда жүргізілуі керек», - деген ойын білдірді.  

 

Хабарламаларға жазылу