Марат Башимов: Біз бір жылда 30 мың заңгер дайындаймыз (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Башимов: Біз бір жылда 30 мың заңгер дайындаймыз (ВИДЕО)

29.05.2017

Кейінгі кездері адвокаттар мен заң фирмаларына деген сенім азайып, олардың кәсіби біліктіліктеріне күмән келтірген шағымдар көбейіп кетті. Мұны Әділет министрлігі адвокаттардың жетіспеушілігінен деп топшылайды.

Бүгін Мәжілістегі үкімет сағатында осы мәселе талқыға түсті. Бүгінгі «Басты тақырыпқа»  өзекті мәселені талқылау үшін ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы, заңгер Марат Башимов келді.

Қазақ қоғамы неге адвокаттардан таршылық көріп отыр?

«Біз бір жылда 30 мың заңгер дайындаймыз. Қазақстанда орта есеппен бір адвокатқа 3900 адамнан келеді. Ал, Германияда бір адвокатқа 500 адамнан, Италияда 260 адамнан келетінін ескерсек, бізде шынымен де авдоваттар жетіспейді.

Елбасы айтқан институционалдық реформалау неге керек? Конституцияда ең қымбат қазына адам және оның құқытары екені жазылған. Біз құқықтық мемлекет құрып отырмыз деп жатамыз. Сол үшін сот жүйесінде де реформа болды, судьялардың, мемлекеттік қызметкерлердің этикаларын да көтеріп отырғаны сондықтан».-дейді сарапшы.

Хабар барысында сондай-ақ, авдокаттардың қызметіне төленетін бағаның тым қымбат екені де сөз болды.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу