17 маусымда «Astana Art Fest-2017» фестивалі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

17 маусымда «Astana Art Fest-2017» фестивалі ашылады

24.05.2017

17 маусымда Астана қаласындағы «Нұржол» желегінде «Astana Art Fest-2017» фестивалінің ашылу салтанаты өтеді.

Бұл – Қазақстандағы ең ірі мәдени шара. Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын фестиваль экспозициясына еліміз бен шетелдерден 70-тен астам автор қатысады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары бұл кеште «Көшпенділердің дүниеге келуі» театрландырылған шоуына куә бола алады. Сіздің көз алдыңызда бүтін бір мәдениет пайда болып, қанат жаяды.

Сондай-ақ, көрермендерді жарық, дыбыс және бейнелер шоуы, арт-нысандар көрмесі және хореографиялық қойылымдар күтеді.

Шараның басталатын уақыты: 20:00-де.

Хабарламаларға жазылу