Түркі әлемі деректі фильмдерінің фестиваль-байқауы 7 мемлекет пен 8 қалада өткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі әлемі деректі фильмдерінің фестиваль-байқауы 7 мемлекет пен 8 қалада өткізіледі

22.05.2017
Түркі әлемі деректі фильмдерінің фестиваль-байқауы 7 мемлекет пен 8 қалада өткізіледі

Түркі әлемі журналистер федерациясының мұрындық болуымен биыл екінші рет түркі әлемі деректі фильм фестивалі және байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Атамекен» арнасы. 

Бұл шара  27-30 қыркүйекте Стамбул қаласында гала-концертпен сондай-ақ,  марапаттау рәсімімен қорытындыланады.

Таяуда  Стамбул қаласында байқау-фестивальдың таныстырылымы өтті. Шараға БАҚ өкілдері, мәдениет қайраткерлері және ҮЕҰ мүшелері қатысты.

Фестиваль-байқаудың жетекшісі Мендерес Демір аталмыш шара 7 мемлекет пен 8 қалада өткізілетін айтты. Оның сөзінше, іс барысында көрермендер түркі әлемінің түрлі мәдени шараларына куә болады. Мендерес Демірдің мәлімдеуінше, байқауға туынды қабылдау 17-ші  сәуірде басталған.

«Үміткерлердің 18-тамызға дейін уақыты бар. Осы уақыт аралығында қабылдау жұмысы үздіксіз жүреді. Өткен жылдан ерекшелігі, биылғы байқау екі санатқа бөлінген. Яғни, кәсіби мамандар мен студенттердің еңбектері жеке-дара қаралады », - деді шара жетекшісі.

Сөз арасында Мендерес Демір фестивальға қолдау көрсетіп отырған Анадолы Агенттігі мен басқа да ұйымдарға алғыс білдірді.

 

Хабарламаларға жазылу