«Әйел бақыты». Абай Бегей: Алаяқтарға 15 000 АҚШ долларын бердім (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». Абай Бегей: Алаяқтарға 15 000 АҚШ долларын бердім (ВИДЕО)

16.05.2017

Прокуратура, ішкі істер органдары айтқанымен, біле отырып, алданатын заманда өмір сүріп жатырмыз. Студияға келген әнші Абай Бегей өз оқиғасымен бөлісті.

«Қазір осындай сорақылықтардың дамып тұрған кезі. Маған күнделікті «Миллион берсең, екі есе қайтарасың» дейтіндер көп. Тіпті, ішінде туыстарым да бар. Олардың сыртынан біраз қарап жүрдім.

Жақында үлкен концерт болды. Онда лауазымды адамдар, үлкен кісілер көп. Соларды көріп, ойланып та қаласың.

2012 жылы бір жігіттер арзан машина алып жатқан кездер болды. Мен де соған сеніп, 15 000 АҚШ долларын бердім. Менің алдымдағы адамдар көліктерін алып кетті. Бірақ, мен ала алмадым. Алдандым», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу