«АЛЖИР» көркем фильмі Ұлттық арнадан 27 мамырда көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«АЛЖИР» көркем фильмі Ұлттық арнадан 27 мамырда көрсетіледі

15.05.2017
«АЛЖИР» көркем фильмі Ұлттық арнадан 27 мамырда көрсетіледі

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 27 мамыр күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының эфирінен «АЛЖИР» көркем фильмі көрсетіледі.  

 

Онда «халық жауы» атанған ел жайсаңдарының жұбайлары мен  балаларының «АЛЖИР» лагерінде ажалмен арпалысып өткен өмірі, тауқыметті тағдыры баяндалады. 

 

Фильмнің басында Света есімді бойжеткен Ресейден Қазақстанның бас қаласы Астанаға әжесінің соңғы аманатын арқалап келеді. Оның мақсаты - қылышынан қан тамған сұрапыл «қызыл террор» жылдары анасы мен әжесін аштық пен ажалдан, басқа да қиындықтардан қорықпай аман алып қалған, «АЛЖИР» лагерінде қатардағы жауынгерлік қызметін атқарған Әлихан есімді қазақ жігітін табу еді.   Ол бүгінгі күні жасы тоқсаннан асқан ауыл ақсақалы. Света мен қарт Әлихан бүкіл фильм бойы азапта өткен сонау сұрапыл жылдарды еске алып, қайта бастан кешеді. Батылдық, адамгершілік, мейірімділік секілді ұлы қасиеттер телехикаяның негізгі мотиві.  

 

Рөлдерде: Қобыланды Болат, Марат Абай-Ділдә, Оңдасын Бесікбасов, Алтынай Нөгербек, Данияр Өтебаев, Асылболат Смағұлов, Иван Анопченко, Анна Старченко, Елена Гладышева, Андрей Марычев және т.б.    

Қоюшы-режиссері - Әнуар Райбаев, продюсері - Рашит Аманжолов.  

 

Айта кетсек, Ұлттық арна тапсырысымен түсірілген туынды 7 мамырдан бастап еліміздің кинотеатрларынан ұсынылып келеді. Ал, 4 мамырда елордада премьералық таныстырылымы өтті.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу