Жексенбай Дүйсебаев: Субсидия ережелері бір жылда мың құбылады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жексенбай Дүйсебаев: Субсидия ережелері бір жылда мың құбылады (ВИДЕО)

14.05.2017

Неліктен осы уақытқа дейін беріліп келген субсидия күрт тоқтады? Бұл сауалға жауап берген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев бізде тұрақтылық жоқ дейді.

«Біз бір бағдарламаны жасаймыз. Екіншісіне жеткенде алғашқысын орта жолдан тоқтатамыз. Содан кейін үшіншісін бастаймыз. Осы арада шыны керек, шаруа қожалықтарының басы айналып, қай жағына шығарын білмей дағдарып қалады.

Субсидия ережелері бір жылда мың құбылады. Ал, шаруалар дайындаған құжатын екінші өзгерген құжатқа ыңғайлау керек болады. Уақыт күтіп тұрмайды, ауыл шаруашылығы маусыммен жұмыс істейді, ауа райының да маңызы зор.

Сондықтан, ауыл шаруашылығы министрлігінде отырған мамандар осы мәселені түбегейлі зерттеп барып, неге бір тоқтамға келмейді дегенді жиі айтамын. Терең зерттелмегеннен кейін бұл мәселе мың құбылады. Сол себепті де шаруалардың бағдарламаға деген сенімі жоқ»,-дейді.

Бүгінгі «1 Студия» бағдарламасы былтыр жыл соңында қабылданған ауыл шаруашылығын кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған аса ауқымды бағдарламасының тиімділігі турасында өрбіді.

Хабарламаларға жазылу