Қайырбек Арыстанбеков: Еліміздегі мұнай қоры 35-40 жылға жетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайырбек Арыстанбеков: Еліміздегі мұнай қоры 35-40 жылға жетеді

11.05.2017

«Басты тақырыптың» бүгінгі қонағы -  Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбеков. Тақырып: Мұнай нарығындағы ахуал.

 

«Мұнайдың құны 2014 жылдың тамыз айынан бастап төмендеп кетті. Енді 7 жылда баға өз қалпына келуі ықтимал. Бұл еліміздің мұнайлы емес секторды дамыту стратегиясына да байланысты.

 

Біздің болжамымыз бойынша, еліміздегі мұнай қоры 35-40 жылға жетеді. Сұраныс барда, оны өндіруді тоқтатпау керек. Дегенмен, есте сақтайтын кейбір параметрлер бар. Алғашқысы – экономикалық өсу аясында мұнайдың өндіріс қарқынын мұнайлы емес сектордың өсу қарқынынан төмен ұстап  тұру», дейді сарапшы.  

 

«Мұнай бізге не берді?» деген сауалға байланысты студия қонағы  «Тәуелсіздік алғаннан кейін қара алтын ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге әсер етті, екіншіден, экономикалық қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға ықпал жасады, үшіншіден, энергетикалық қауіпсіздікті жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді», - деген пікірін білдірді.

 

Толық нұсқа:

Хабарламаларға жазылу