7 мамырдағы ауқымды әскери парадты Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

7 мамырдағы ауқымды әскери парадты Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді

05.05.2017

7 мамыр күні сағат 11:00-де «Қазақстан» Ұлттық арнасы ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парадты тікелей эфирде көрсетеді.

Қарулы Күштердің құрылуының 25 жылдығына тұспа-тұс келген алдағы әскери парадтың өзіндік ерекшеліктері бар. Елордадағы Тәуелсіздік алаңында шамамен 30 жаяу әскер парадтық есептоп құрамында 5 000-нан аса әскери қызметші салтанатты маршпен адымдап өтуі жоспарлануда.

Көзтартарлық шеруге 300-ге тарта бірлік әскери техника тартылатын болады. Қазақстандық авиацияның көк аспандағы қуаты мен жауынгерлік әзірлігін еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің шамамен 80 бірлік авиациялық техникасы паш етеді. Бұл ретте қазақстандықтар алғаш рет өз көздерімен 2016 және 2017 жылдары әскеріміздің арсеналын толықтырған су жаңа әскери техниканы, заманауи қару-жарақ үлгілерін тамашалай алады.

Парадтың тағы бір ерекшелігі, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлерін, Қорғаныс министрлігінің иелігіне берілгеннен кейін алғаш рет барабаншылардың (дауылпазшылардың) құрама ротасында өнер көрсететін «Жас ұлан» төрт әскери мектептің тәрбиеленушілері, аумақтық қорғаныс бригадасының ротасы, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері мен Әскери-техникалық мектептің әскери автомобильді техникасында алаңда жүріп өтетін Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектептерінің шәкірттерін қатыстыруға тарту болып табылады.

 

 

Хабарламаларға жазылу