Жаңабай Өтегенов: Әндерімнің «Аяла» секілді болмауының бір себебі - жарнамасының аздығында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңабай Өтегенов: Әндерімнің «Аяла» секілді болмауының бір себебі - жарнамасының аздығында

04.05.2017

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасына дәстүрлі әнші, эстрада әншісі Жаңабай Өтегенов қонаққа келді.

Сұхбат әншінің шығармашылығы, дәстүрлі әннің жағдайы мен жарнамасы секілді тақырыптар аясында өрбіді.

«Әндерімнің «Аяла» секілді болмауының бір себебі, олардың жарнамасының аздығында шығар. Өзіміздің салғырттығымызға байланысты бейнебаяндар түсірілмей жатыр, әндеріміз радиолардан да жиі беріліп жатқан жоқ. Өз басыма солай көрінеді», - деді белгілі әнші.

Сонымен қатар, Жаңабай Өтегенов дәстүрлі әннің ахуалына байланысты ойымен де бөлісті.

«Қазір эстрадалық бағыттағы әндер көбірек насихатталып жатыр. Оған қоса, халықтың сұранысы да сол болып тұр. Өйткені, әу бастан эстрадалық әндер көп жарнамалана бастады. Соның салдарынан эстрада алға шығып, дәстүрлі әндер сұранысқа ие болмай қалды», дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу