1 мамырда әдебиеттанушы, сыншы, тележурналист Сағат Әшімбаев дүниеге келген (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 мамырда әдебиеттанушы, сыншы, тележурналист Сағат Әшімбаев дүниеге келген (ВИДЕО)

01.05.2017

Егер ол тірі болғанда биыл 70 жасқа толар еді. Сағат Әшімбаев «Сын мұраты», «Талантқа тағзым», «Парасатқа құштарлық» және т.б көптеген кітаптардың авторы. Сондай-ақ, бірқатар телевизиялық жобалармен ел  жадында қалғаны сөзсіз. 80 жылдардың басынан теледидарда  «Жүректен қозғайық» атты бірнеше жылға созылған тізбекті бағдарлама жүргізді.

Өзі теледидарға қызметке келген соң осы хабарлардың өзектес, заңды жалғасы ретінде «Парыз бен қарыз» атты авторлық бағдарлама енгізді. Аталған хабарды бірнеше жыл тұрақты түрде жүргізіп отырды. Қазақстаннан тыс тұратын қандастарымыздың арасында түсіріп қайтқан «Қауышу» хабары да кезінде өте жоғары бағаланды.

Еске сала кетейік,  «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» Сағат Әшімбаев атындағы стипендия иегерін анықтау үшін журналистика факультеті студенттерінің  арасында ашық конкурс  жариялаған болатын. Толығырақ сілтемеден біле аласыздар.

http://kaztrk.kz/press-releases/sagat-ashimbaev-atyndagy-stipendiyaga-ie-bolynyz

Хабарламаларға жазылу