Журналистер арасында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистер арасында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы жарияланды

28.04.2017
Журналистер арасында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы жарияланды

1. Жалпы ережелер

 

1.  «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсы
(бұдан әрі – конкурс) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай бағытталған.

2. Конкурсты өткізудің мақсаты мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту болып табылады.

 

3. Конкурс төрт номинациядан тұрады:

1) «Үздік мақала»;

2) «Үздік телеарна бағдарламасы»;

3) «Үздік радио бағдарламасы»;

4) «Үздік сайт мақаласы».

 

4. Конкурсқа мемлекеттік тіл және оның дамуы туралы мақалаларды жариялаған (бағдарлама құрастырған) журналистер қатыса алады.

5. Алдыңғы конкурстың бас жүлде мен І орын жеңімпаздары конкурсқа қатыстырылмайды.

 

2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

 

6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.

7. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады.

8. Конкурс қатысушылары осы Қағиданың 3-тармағындағы көрсетілген төрт номинацияның біреуі бойынша өтінімді Комитетке 2017 жылғы
15 мамырға дейін мынадай құжаттармен беріледі:

1) конкурқа қатысу туралы өтінім (осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша);

2) 2016 жылғы 10 маусым мен 2017 жылғы 15 мамыр аралығында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген үш материалды, соның ішінде радио және телебағдарлаларды, мемлекеттік тілдегі сайттардағы, мерзімдік баспасөздегі жарияланған мақалаларды;

3) мақала жарияланған газет-журналдар, сайттардың скриншоттары, бағдарламалардың DVD дискідегі жазбасы, «Word» форматындағы электрондық нұсқасы;

4) ұсынылған материалдардың (сілтемелерінің) «Tilalemi.kz» порталындағы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» айдарына орналастырылғандығын растайтын құжат (скриншоттар).

 

3. Конкурс қатысушыларын бағалау

 

9. Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін тіл мен әдебиет, журналистика салаларының зиялы қауым өкілдері мен ғалымдары, білікті мамандарынан тұратын қазылар алқасы 5 адамнан құрылады. Оның құрамын Комитет анықтайды.

10. Қызалар алқасы конкурсқа қатысушылардан жинақталған материалдары негізінде дауыс беру арқылы конкурстың төрт номинациялары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықтайды.

11. Конкурстың марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі.

12. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

13. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Комитеттің интернет-ресурстарында жарияланады.

14. Конкурсқа ұсынылатын материалдар 2017 жылғы 15 мамырға дейін мына мекенжайға жолдануы тиіс (15 мамырдан кейін пошта арқылы келіп түскен материалдар конкурсқа қатыстырылмайды):

 

010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсына» деген белгімен.

 

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-04-97, 74-14-97, 74-05-03, 40-83-67.

 

АНКЕТАНЫ ЖҮКТЕУ

 

Хабарламаларға жазылу