Хабар барысында өңір басшысы елбасы мақаласы турасында ой өрбітті.
«Елбасы мақаласы – үлкен бағдарлама. Болашаққа деген бағдар. Мұны көбіне, жастардың арасында түсіндіру керек. Себебі, 25 жылдағы жетістіктерге аға буынның арқасында жеттік. Бүгінгі күнді Одақ ыдырағаннан кейін түрлі саланың мамандары - ұстаздарымыз, дәрігерлеріміз дорба арқалап кеткен заманды бастан өткерген ұрпақ жасады. Ары қарай не болады? Яғни, болашаққа бағдар деген сөз жастарға бағытталған. Осы мәселені басты мақсат тұту керек»,-дейді әкім.
Құжатта терең мән берілген ілім-білімге қатысты да аймақ басшысы пікірін білдірді.
«Рухани жаңғыру білімсіз болмайды. «Мен білемге» салынып ескі қағидаттармен жүре алмаймыз. Себебі, бүгінгі жаңалық ертең жаңалық емес. Елбасы мықты сөз айтты, «өзіміз өзгермесек, тарихтың топырағына көміліп қала береміз», деп, ол рас. Сондықтан, білім керек».