Димаш Құдайбергеновтың PR-менеджері Алпамыс Шаримов «Таңшолпанға» сұхбат берді.
Көрермендер тарапынан ең көп қойылған сұрақ: «Димаштың келісімшарт бойынша Қытайда қалатыны рас па?».
«Мұның нүктесін бірден қойып тастайық. Бұл - жалған әңгіме. Қазақтың жерінде дүниеге келіп, қазақтың киімін киіп жүрген, қара домбырасын тартып, «Дайдидауын» шырқап жүрген әнші қалай өзге елде өмір сүреді?! Бірақ, Димаш – әлем әншісі. Қазақ әнін насихаттау үшін шетелде көп еңбектенетін болады. Бүгінде көп мемлекеттерден, әлемдік компаниялардан ұсыныстар түсіп жатыр. Ал, келісімшарттармен әкесі Қанат Айтбевпен бірге айналысатын боламыз», дейді ол.
Сондай-ақ, Димаштың біркүндік тығыз кестесіне байланысты тыңдармандары денсаулығына алаңдаушылық білдіруде. Оның қазіргі жағдайы қалай? Отандық телеарналарға қашан сұхбат береді?
Толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.