Қоғам қайраткері Әлихан Байменов латын әліпбиіне көшу – болашаққа бағытталған ортақ жұмыс екенін айтады.
«Квазикириллицаны бізге таңып берді. Мәжбүрлеп кіргізді. Оның алдында 10 жыл ғана латынды енгізді. Сол кезде Бейімбеттің Ілиясқа жазғаны бар: «Зығырданым қайнап отыр, қолым жүрмейді» деп.
Мың жылғы мәдениетіміздің тамырына балта шапқысы келді. Ол әдейі жасалған саясат. Ал, енді бұл шешімді Елбасы бастап, өзіміз қоштап, ұлт болып қабылдап жүзеге асырсақ, ішкі бірлігімізге әсер етеді.
Біз үйреншікті жағдайдан арылғымыз келмегендіктен, ұлттың болашағына бағытталған жақсы бастамаға балта шаппауымыз керек. Ұлттың болашағы үшін 1-2 жыл қиналыстан өтуіміз қажет. Біздің рухани ізденістеріміз бұл – болашаққа бағытталған ортақ жұмыс»,-дейді Әлихан Байменов.
Еске салайық, бүгін «1 Студия» саяси ток-шоуында ұлттық сана, ұлттық сипат тақырыбы қозғалды.