Ұлттық сипат неден құралады?  (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық сипат неден құралады?  (ВИДЕО)

23.04.2017

«1 Студия» саяси ток-шоуында қонақта болған саясаттанушы Расул Жұмалы бұл сауалға былайша жауап берді.

«Біз Қазақстанда отырып, өзімізді ұлы қазақ өркениетінің өкілі ретінде санауымыз керек. Осындай үлкен мәдени, саяси тұғырға қалай жеттік? Қалайша ұлан-ғайыр жерді сақтап, талай қиын-қыстау кезеңдерде аман қалдық, дамыдық, өркендедік?. Бұл – үлкен тәжірибе. Осыны бүгінгі ұрпақ қазіргі заманның қажеттіліктеріне сай бойына сіңіріп,  пайдалана алатын болса, меніңше, бізді алға жетелеуші ең негізгі басымдықтардың бірі – осы ұлттық құндылық, ұлттық болмыс болмақ».

Еске сала кетейік, бүгінгі хабарда ұлттық сана, ұлттық сипат тақырыбы қозғалды.

«1-студия». «Ұлттық сана, ұлттық сипат» (Толық нұсқа)

Хабарламаларға жазылу