Бүгін «1 Студия» саяси ток-шоуында ұлттық сана, ұлттық сипат тақырыбы қозғалды. Студияда белгілі қоғам қайраткері Әлихан Байменов, саясаттанушы Расул Жұмалы, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты директорының орынбасары Анар Фазылжанова қонақта болды.
Хабар барысында алғашқы болып сөз алған Әлихан Байменов ұлттық санаға қатысты пікірімен бөлісті.
«Менің пайымдауымша, ұлттық сана, ұлттық код деп – біздің әрқайсымыздың жеке, кейде қоғам ретінде әлемді қабылдауымызға, дүниетанымымызға, түйсігімізге әсер ететін, ғасырлар бойы қалыптасқан факторлар жиынтығын айтуға болады.
Біз әлемдегі құбылыстарды тек өзіміздің бүгінгі білімімізге ғана емес, әкенің қанымен, ананың сүтімен келген жиынтық факторлар арқылы қабылдаймыз, соған баға береміз. Қазақтың болмысын айқындайтын факторларды бөле жарып қарауға болмайды. Себебі, олар бойымызда барлығы бірдей тоғысқанда бүгінгі тұлғалық келбетіміз шығады»,-дейді ол.
«1-студия». «Ұлттық сана, ұлттық сипат» (Толық нұсқа)