ҚР Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев бағдарлама қонағы болды.
«Таңертен тұра сала «Таңшолпанды» көреміз. Бағдарлама ерекше бір жылулық әкеледі.
Қазақ арналарына соңғы жылдары көптеген сын айтылып жатыр. Бірақ, көш жүре түзеледі. Біз асықпауымыз керек. Бәріміз де түзеліп келеміз. Қазір біздің әдебиетіміз, мәдениетіміз, киномыз, телевидениеміз де түзеліп келеді. Сондықтан, Сіздерге табыс тілеймін», - дейді депутат.