«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Сүйе білсең...» атты жаңа отандық  телехикая ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Сүйе білсең...» атты жаңа отандық  телехикая ұсынады

14.04.2017
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Сүйе білсең...» атты жаңа отандық  телехикая ұсынады

Жақында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Сүйе білсең...» атты жаңа отандық  телехикаяның тұсауы кесіледі.

Туынды болашағынан үлкен үміт күттіретін Дамир есімді футболшы кейіпкердің өмірі туралы. Алайда, кәсіпкердің қызы Динарамен жақын қарым-қатынас орнатқалы бері спорттық мансабына көп кедергісі тиеді.

Динара да - талантты спортшы, гимнастикадан Қазақстанның, Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы. Ол Дамирді белсенділігі мен өзіне үнемі жоғары талап қойып, орындауға тырысатын бірбеткей  мінезімен баурап алады. Олардың арасында махаббат пайда болады. Көп ұзамай Динараның өзі отбасын құруға ұсыныс жасайды. Алайда, Дамир Динара үшін өзінің спорт жолындағы мақсатын құрбан еткісі келмейді. 

Режиссері - Ернар Нұрғалиев. Басты рөлдерді белгілі актерлер Жандос Айбасов, Қуаныш Керімқұлов, Гүлназ Жоланова және Кәмшәт Жолдыбаева сомдайды.  

Телехикая уақыты туралы көрермендерге қосымша хабарланатын болады.

Хабарламаларға жазылу