«Таңшолпан». Түрлі қиындыққа мойымай спортқа қайта оралған спортшылар (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Түрлі қиындыққа мойымай спортқа қайта оралған спортшылар (ВИДЕО)

13.04.2017

Түрлі қиындыққа мойымаған спортшылар, қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қайтпас мінезімен қиын кезеңдерде мойымағандар, дәрігерлердің қарсылығына қарамастан спортқа қайта оралғандар. Олар кімдер?

 

2011 жылы әлемдік кәсіпқой бокс жанкүйерлері рингте жасында жарқындап, болашағынан көп үміт күттірген спортшыларынан көз жазып қалды. Кейіннен ол боксышын ракпен ауыратыны белгілі болды. 1,5 жыл ауыр дертпен күрескен спортшы 2012 жылы рингке қайта оралып, өз өмірін түбегейлі өзгертті. Зорлық–зомбылық көргендерге, ракпен ауыратындарға көмек беретін қор ашты. Бұл боксшыны қазақстандық бокс сүйер қауымы жерлесіміз Генадий Головкинмен жұдырықтасатыны белгілі болғанда тани бастады. Ол – америкалық боксшы Даниель Джейкобс болатын.

Саку Антеро Койву – шайбалық хоккей сардары. Кезінде «Монреаль Канадиенс» клубының капитаны болған ойыншының спорттық мансабы өрлеп тұрғанда, яғни 2001 жылы ракпен ауырғаны белгілі болады. Бұл жағдай Сакуның өзін де, командасын да есеңгіретіп жіберді. Қайсар мінезді спортшы операция алдында жанкүйерлеріне «мен әлі ораламын» деп серт берді. Арада біраз уақыт сала Финляндия хоккейшісі сөзінде тұрды. Ауруымен арпалысса да, спортқа деген махаббаты өшпеген Саку Койву 2002 жылы мұз айдынына оралды. Жанкүйерлері ойынды жайына қалдырып, хоккейшінің табандылығына риза болды. Қатарынан 10 минут үздіксіз қошемет көрсетті.

Хабарламаларға жазылу