«Сенбілік таңның» бүгінгі кейіпкері - эстрада әншісі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков. 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.
Ол 1979 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданып, осы ансамбль құрамында бүкілодақтық, дүниежүзілік және халықаралық фестивальдар мен конкурстардың лауреаты атанды.
Кейіпкеріміз Алматы облысы Сүйінбай атындағы филармонияның «Арқа», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде ән салған. 3 баланың әкесі, жеті немеренің сүйікті атасы.
Бағдарлама барысында әнші отбасы мүшелерімен таныстырды. Ал, оның туған әпкесі Ақжол Мейірбековтың есімі қалай қойылғандығын айтып берді.