Сағат Әшімбаев атындағы стипендияға ие болыңыз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сағат Әшімбаев атындағы стипендияға ие болыңыз!

07.04.2017
Сағат Әшімбаев атындағы стипендияға ие болыңыз!

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» белгілі қоғам қайраткері, публицист, тележурналист, әдебиет сыншысы Сағат Әшімбаев атындағы стипендия иегерін анықтау үшін журналистика факультеті студенттерінің  арасында ашық конкурс  жариялайды.

Әрбір үміткер комиссияға:

-бұқаралық ақпарат құралдарына шыққан мақала, телевизиялық немесе кинсценарий, сайттардағы жазбасын;

- оқу үлгерімін дәлелдейтін құжатын;

- деканат берген мінездемесін;

- Сағат Әшімбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы рефератын ұсынуы керек

Байқау материалдары 2017 жылдың 10 мамырына дейін төмендегі мекен-жайлар бойынша қабылданады.

  • Астана қаласы, Қонаев көшесі 4;
  • Алматы қаласын, Желтоқсан көшесі, 177.

Толық ақпаратты мына байланыс телефондары арқылы білуге болады:

Алматы қаласы: 8 (727)-393-22-16,
Астана қаласы: 8 (7172)-55-38-22.

Хабарламаларға жазылу