Қазір елімізде 7 миллионға жуық көлік бар. Сол көлік иелеріне қатысты жол қозғалысы туралы заңға өзгерістер енгізуді көздеген заң жобасы Мәжілісте талқыланды.
Көлікті жол-патрульдік қызметі тоқтатса видеоға түсіру заңды ма? Немесе мас күйде екендігін куәландырудан бас тартқан жағдайда 3 жылға жүргізуші куәлігінен айыру қаншалықты дұрыс? Осы сұрақтарға «Басты тақырыпта» заңгер Жандос Тұяқов жауап берді.
«Қандайда бір заң немесе заңға өзгерістер енгізген сәтте оның дұрыс және бұрыс жақтары болады. Бірақ, әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатаң жаза қолдануды қолдаймын. Мысалы, жолдың қарсы бетіне шығып кету көп байқалады. Бұл былайша айтқанда әдейі істелетін құқық бұзушылық болып табылады. Мұның алдын алу үшін осындай шаралар қажет.
Сондай-ақ, депутаттар заңға өзгеріс енгізудің алдында халықтан әлеуметтік жүйе болсын не басқа да жүйелер арқылы олардың ой-пікірін білу қажет», дейді заңгер.