Сүтті сиыр асырау нәсібі - мол кәсіп. Ал, Қазақстандағы сүттің сапасы қандай?
Әрқайсысымыз жылына кемінде 400 келіден аса сүт пен сүт өнімдерін тұтынуымыз қажет екен. Өкінішке орай, бұл көрсеткіш 200 келіден аспайды отыр.
Сүтті сиырлардың басын көбейтіп, өнімді еселеуді қолға алған шаруалар да жоқ емес. Солардың бірі – сиыр өсіріп, ауыл жұртын жұмыспен қамтыған қожалық иесі Алматыдағы «Байсерке-Агро» ЖШС. Осы мекемеде өндірілген сүт болашақта Қытайға да экспортталмақ.