Айтыскер, ақын Қайнар Алагөзов, Аян Сейітов және сазгер Құрал Молжанов бағдарлама қонағы болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.
«Құрал, Аян мен бала кезден бірге өскен дос едік. «Үлкен саханада өнер көрсетсек» деген арманымыз бар еді. Биыл осы арманға қолымыз жетті. Жақында Алматы қаласында «Достығымыз жарасқан» атты кеші өтеді. Мұны «достығымыздың нәтижесі» деп білеміз», - дейді Қайнар Алагөзов.