Бәйбіше-тоқал мәселесі «Әйел бақытында» көтерілді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бәйбіше-тоқал мәселесі «Әйел бақытында» көтерілді (ВИДЕО)

29.03.2017

Бәйбіше - тоқал мәселесі қай қоғамда да пікірталас тудыратыны анық. Сіздіңше, қайсысы басымырақ болуы тиіс? Ал олардан тараған ұрпақ ше?

Студияға келген кейіпкер Дина - өзінен 20 жас үлкен азаматтың тоқалы. Екі ұлы бар.

«Күйеуіммен 26 жасымда таныстым, басында тек жай араластық. Сосын  бір-бірімізге бауыр басып, сүйіспеншілік оянды. Өз отбасына апарып, ата-анасымен, әйелі, бала-шағасымен таныстырды. Өз ата-анам басында қарсы болды. Алайда, бала туған соң кешірді. Қазір араласып тұрамыз.

Басында бір шаңырақтың астында тұрдық. Қазір бөлек тұрамыз. Заң жүзінде некеге тұрмасақ та, мешітте неке қидық. Балаларымның барлық жағдайын жасайды. Ешқайсысын бөлмейді. Алайда, бәйбішем, енем, ол үйдің балалары бізді бөледі. Алда не болатынын білмеймін», - дейді Дина.

 

Хабарламаларға жазылу