Дизайнер Гүлнәр Қасымның сақ жауынгері бейнеленген көйлектеріне еуропалықтардың қызығушылығы ерекше - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дизайнер Гүлнәр Қасымның сақ жауынгері бейнеленген көйлектеріне еуропалықтардың қызығушылығы ерекше

29.03.2017

Жеңіл өнеркәсібі қарқынды дамып жатқан Қытай мен Үндістанды есептемегенде, өзге мемлекеттермен бұл  салада бәсекелесу өте қиын.

Жалпы, сұраныс бойынша азық-түліктен кейін екінші орында тұрған киім өндірісі елімізде қарқынды дамуда. «Десе де, отандық дизайнерлердің саны көп болғанымен, нарықта тек қана қайталанбас идеясымен сапалы дүниелер шығаратындар ғана қалады», дейді  «Тең мүмкіндіктер уақыты» бағдарламасының кейіпкері Гүлнәр Қасым.

Бүгінде отандық сән әлемінде Гүлнәр Қасым есімі кеңінен танымал. Оның «прет-а-порте» үлгісіндегі киімдерін сәнқой бойжеткендерден бастап, ақ жаулықты әжелерімізге дейін киеді. Гүлнәр 49 жасына дейінгі гұмырын балалары мен жұбайына арнаған. Алайда, кейіпкеріміздің жеке өмірінде кенеттен жанын жүдетіп, көңілін құлазытқан оқыс жағдай болады. Сөйтіп, ол рухани күйзелістен шығу үшін кәсіп ашып, шығармашылыққа бет бұрады.

Ол өз кәсібін 2014 жылы бастаған. Дизайнерлік саладағы алғашқы ұстазы - анасы. Шығаршылық шабыттың қайнар көзі - балалық шақ пен қазақтың ұлттық құндылығында деп есептейді.

Хабарламаларға жазылу