«Бүгін жексенбі» бағдарламасында әнші Жақсыкелді Маясаров қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бүгін жексенбі» бағдарламасында әнші Жақсыкелді Маясаров қонақта

24.03.2017
«Бүгін жексенбі» бағдарламасында әнші Жақсыкелді Маясаров қонақта

26 наурызда «Бүгін жексенбі» бағдарламасы студиясында дәстүрлі әнші Жақсыкелді Маясаров пен белбеу күресінен әлемнің екі дүркін чемпионы (2013, 2015ж.ж.), 2016 жылы Қырғызстанда өткен «Көшпенділер» ойынының қола жүлдегері Бекбол Нұрланұлы қонақта.

 

Астанадағы «Mega Silk Way» сауда үйінде жаңадан ашылған ойын-сауықтық орталықтар: батут, скаладром, Evrikum ғылыми зертханасына барып үлгердіңіз бе? Үлгермесеңіз, Ақниет Балтанованың сюжетінен талай қызыққа куә болыңыз.

 

«Crossfire» – әртүрлі жарықтармен, отпен жасалатын шоу. Әртістер түрлі жарықтармен әсемделген киімдер киіп, қараңғыда билейді. Серікгүл Сұлтанқажы «Бүгін жексенбі» бағдарламасында толығырақ айтып береді.

 

Ал, «Өнерлі отбасы Ұлттық музейде» деген айдармен Ұлттық музейде танымдық мақсатта экскурсия өтеді. Бұл жолғы қонақтар - Медет Салықов пен Клара Төленбаева.

 

Әр жексенбі 09:30-да «Бүгін жексенбі» бағдарламасын көріңіз!

 

Хабарламаларға жазылу