«Қазақтың сары баласы». Геннадий Головкин туралы бейнетоптама (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақтың сары баласы». Геннадий Головкин туралы бейнетоптама (ВИДЕО)

19.03.2017

«Қазақтың сары баласы». Жұдырықтасуда алдына жан салмайтын Геннадий Головкинді бүгінде дәл осылай атап кеткендер көп. Орта салмақтағы IBO, WBC тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы және 2013 жылы WBA тұжырымы бойынша супер чемпион Геннадий «The Ring» журналына сәйкес, салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылар ондығына кірген.

Қарағандылық Гена қарапайым шахтер отбасындағы жалғыз боксшы емес, ағасы Максим де спорттың осы түрінен ҚР-ның Енбек сіңірген бапкері. Ағайындылар бірдей салмақ дәрежесінде өнер көрсеткенімен, ешқашан бетпе-бет шайқасқан емес. 2004 жылы Олимпиадаға іріктеу кезінде ағасы Геннадийге жол берген. Бүгінде ол - жұдырықты жігіттің басты рухани қолдаушыларының бірі.

Геннадийдің кәсіпқой бокстағы орта салмақ бойынша қадамы қарсыластарын бір-бірлеп нокаутқа жіберумен басталған. Боксшы Джейкобспен кездесуінде де кезекті жеңісіне қол жеткізіп, көпті қуантты.

Сондай-ақ, баспасөз беттерінде Головкиннің EXPO көрмесі аясында келесі жекпе-жегін өткізетіндегі қызу талқылануда.

 

Хабарламаларға жазылу