Елордада «Тұмар» І Ұлттық телевизиялық бәйгесінің марапаттау салтанаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Тұмар» І Ұлттық телевизиялық бәйгесінің марапаттау салтанаты басталды

17.03.2017
Елордада «Тұмар» І Ұлттық телевизиялық бәйгесінің марапаттау салтанаты басталды

Бүгін сағат 17:00-де «Қазмедиа» орталығында «Тұмар» І Ұлттық телевизиялық бәйгесінің марапаттау салтанаты өтеді. Қатысушылар қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті.

Байқауға еліміздің әр түкпірінен  200-ден астам журналист өтінім білдірген. Жабық дауыс беру нәтижесінде тек 48 жұмыс іріктеліп алынды.

Қазылар алқасы медиа саласы бойынша танымал 13 тұлғадан тұрады. 12 аталымның әрқайсысы бойынша 4 жеңімпаздан анықталмақ.

Жоба ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі және «Қазмедиа» орталығының қолдауымен отандық телевизия тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Хабарламаларға жазылу