Димаш қатысып жатқан «Singer-2017» байқауының жетінші кезеңі эфирден көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш қатысып жатқан «Singer-2017» байқауының жетінші кезеңі эфирден көрсетілді

06.03.2017
Димаш қатысып жатқан «Singer-2017» байқауының жетінші кезеңі эфирден көрсетілді

«Hunan» телеарнасының «Singer 2017» ән байқауының жетінші кезеңі эфирден көрсетілді. Жобаға қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бұл кезеңде бірінші болып өнер көрсетіп, Қазақ Ұлттық музыка аспаптар өркестрінің сүйемелдеуімен «Дайдидау» әнін шырқады.

Димаштың әнін орындар алдындағы  қазақтың ұлттық музыка аспабы - домбырада көрсеткен өнері қытайлық көрермендерді тәнті етті. Естеріңізде болса, Димаш алтыншы кезеңде «Adagio» әнін пианиномен айтқан болатын.

Жетінші кезеңнің қорытындысы бойынша бас жүлдені Гонгкок тумасы Sandy жеңіп алды. Жобаға жаңа ғана қосылған қытайлық әнші Ли Циянь екінші орыннан көрінсе, Чжан Бичжэн жобадан шығып қалды. Жобаның іріктеу бәсекесінің төрт айналымы (8 кезеңі) өз мәресіне жетті.

Жобаға қатысушы бастапқы жеті әншіден тек үш адам қалды. Алда тек екі кезең бар. Еске сала кетейік, сегізінші кезеңде Димаш тамағының ауырғанына қарамай, қытайша «Таң атты» әнін орындап шықты. Төртінші айналымның (жетінші және сегізінші кезең) қорытындысы бойынша Димаш жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов Елбасы қоры сыйлығының лауреаты атанды.

inform.kz 

 

Хабарламаларға жазылу