Кемелбек Ойшыбаев «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кемелбек Ойшыбаев «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

24.02.2017
Кемелбек Ойшыбаев «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымына жаңа төраға Кемелбек Ойшыбаевты таныстырды.

Кемелбек Ойшыбаев 1977 жылы 13 шілдеде туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін журналистика, Қазақ Мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.  Халықаралық бизнес академиясы және Женева Бизнес мектебінің түлегі.

олд

Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, «Қазмедиа орталығы» Бас директорының бірінші орынбасары, «Қазақстан Zaman» газеті бас редакторының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік сату дирекциясының бас директоры қызметтерін атқарған.

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның бұрынғы төрайымы Нұржан Мұхамеджанова Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

Хабарламаларға жазылу