Қазақстанда жаңа Кеден кодексі әзірленеді - Тимур Сүлейменов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жаңа Кеден кодексі әзірленеді - Тимур Сүлейменов

23.02.2017
Қазақстанда жаңа Кеден кодексі әзірленеді - Тимур Сүлейменов

Биыл Қазақстанда жаңа Кеден кодексі әзірленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

«Ұлттық кедендік заңнаманы Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексімен сәйкестендіру мақсатында биыл ЕАЭО-ның Кедендік кодексімен сәйкестендірілген жаңа ұлттық Кедендік кодекс әзірленеді», - деп атап өтті ол министрліктің алқа отырысында.

Жаңа құжат кедендік декларациялау мерзімін азайтады, әкімшілік кедергілердің көлемін кемітеді, сондай-ақ, заманауи теxнологиялардың енгізілуіне ықпал жасайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

 

Хабарламаларға жазылу