«Қазақстан» РТРК» АҚ жариялаған телевизиялық жобалар  байқауының екінші кезеңі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ жариялаған телевизиялық жобалар  байқауының екінші кезеңі өтті

15.02.2017
«Қазақстан» РТРК» АҚ жариялаған телевизиялық жобалар  байқауының екінші кезеңі өтті

«Қазақстан» РТРК» АҚ  09.01.2017 жылы жариялаған телевизиялық жобалар  байқауының 2-ші кезеңі өтті. Бірінші кезеңде «Қазақстан» ҰА сараптама тобының сүзгісінен өтіп, қарастыруға лайық деп танылған жобалар бұл кезеңде «Қазақстан» РТРК» АҚ   Көркемдік кеңесінің назарына ұсынылды. Көркемдік кеңес алдында жобаларды оны  ұсынушылардың өздері қорғады. 

Байқаудың бірінші бағыты бойынша аграрлық сектор туралы баяндайтын жобалар қарастырылды. Екінші кезеңге өткен үміткер компания өкілдері  Қоғамдық кеңес мүшелері алдында жобаларын кеңінен таныстырды.  Ақылдаса келе КК мүшелері «Image Production» ЖШС ұсынған «Я – фермер» жобасының форматы «Қазақстан» ҰТА қалаған талапқа сәйкес келмейді деп шешті. «Апорт» ЖШС ұсынған «Кең дала» жобасы өткен жылы эфирде болған «Агробизнес» жобасын қайталау болып шыққандықтан, бұл жобаны қабылдаудан да бас тартылды. Кеңес қорытындысында аграрлық сектор туралы ақпараттық тележурнал дайындау бағыты бойынша «Magicwood» ЖШС ұсынған «Кәсіп пен нәсіп» жобасы жеңімпаз деп танылды.

Екінші бағыт – әлеуметтік тележурнал дайындау бойынша екінші кезеңге өткен екі жоба қарастырылды. Талқылау барысында кеңес мүшелері бір шешімге келген жоқ, қорытындысында жеңімпазды анықтау үшін олардың пилоттық үлгілерін қарау керек деп шешілді.  «Бір кем дүние» жобасын ұсынған  «Adel production» ЖШС және «Асар» жобасын ұсынған «Аружан и Компания» продюсерлік орталығына 2 апталық мерзім ішінде  өз жобаларының пилоттық үлгісін дайындап әкелу тапсырылды. КК шешімі осыдан кейін барып шығарылады.

Үшінші бағыт - шағын және орта бизнес туралы баяндайтын ақпараттық тележурнал дайындау бағыты бойынша екі жоба қарастырылды.  Талқылау барысында Кеңес мүшелері «Стратегиялық коммуникациялар» медиа-агенттігі ұсынған «Тең мүмкіндіктер уақыты» жобасы жеңімпаз деп таныды. «Good Company» Production ұсынған «Кейс метод. Бизнес по казахски» жобасының форматы өте қызықты деп танылғанмен, бүгінгі жағдайда оның дәл осы айтылған үлгіде жасалуы өте күмәнді екені айтылды.

Төртінші бағыт - демалыс күнге арналған ойын-сауықтық шоу дайындау бағыты бойынша 4 жоба қарастырылды. «Айгүл Иманбаеваның продюсерлік орталығы» ұсынған «Айттым ғой...» жобасы бұған дейін басқа телеарнада көрсетілгендіктен, авторлық құқық тарапынан мәселелер туындауы мүмкін деген себеппен, «Серпін» продюсерлік орталығы» ЖШС ұсынған «Satty day» жобасының форматы «Қазақстан» ҰТА қалаған талапқа сәйкес келмегендіктен, «Аружан и Компания» продюсерлік орталығы» ЖШС ұсынған «Алтын жебе» жобасы жаз мезгілінде түсіруді талап еткендіктен (ал «Қазақстан» телеарнасының жоспары бойынша жоба көктемгі маусымда эфирге шығуы тиіс) қабылданбады. «Adam media Plus» ЖШС ұсынған «Өнерлі маман» («Поющие профессии») жобасы жеңімпаз деп танылды.

Бесінші бағыт - отбасылық телешоу дайындау бағыты бойынша 3 жоба қарастырылды. «ASK media» ЖШС ұсынған «Отбасылық дода» жобасы бұрынғы «Толағай» жобасын қайталайтындықтан, «Мәртебелім» жобасын ұсынған  «Парасат production» ЖШС тәжірибесі аз болғандықтан, «ТМ продакшн» ЖШС ұсынған «Өнерлі отбасы» жобасының сметасы телеарна жоспарлаған бюджеттен әлдеқайда асып кеткендіктен қабылданбады. Бұл бағыт бойынша жеңімпаз анықталған жоқ.

Хабарламаларға жазылу