«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның телевизиялық жобалар бойынша жариялаған байқауының алғашқы кезеңі қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның телевизиялық жобалар бойынша жариялаған байқауының алғашқы кезеңі қорытындыланды

08.02.2017
«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның телевизиялық жобалар бойынша жариялаған байқауының алғашқы кезеңі қорытындыланды

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның телевизиялық жобалар бойынша жариялаған байқауының алғашқы кезеңі қорытындыланды. 

Келіп түскен жұмыстар бойынша Сараптама тобы әр бағыттан төрт жобаға дейін қабылдап алды. Байқау 2017 жылдың 9-20 қаңтары аралығында 5 бағыт бойынша жарияланғанын естеріңізге саламыз. 

Іріктеу нәтижесі бойынша келесі ұсынушылар аудиовизуалдық туындыны әзірлеуге қойылатын «Қазақстан» РТРК» АҚ талаптарына сәйкес деп танылды:

Жанрлық бағыты: апталық отбасылық жоба, ұзақтығы 60 минут
1.    «Ask Media» («Отбасылық дода»)
2.    «ТМ продакшн» ЖШС («Өнерлі отбасы)
3.    «Парасат production» ЖШС («Мәртебелім», «Өнегелі отбасы», «Жұлдызды шаңырақ»)

Жанрлық бағыты: апталық, демалыс күнге арналған ойын-сауықтық жоба, ұзақтығы 60-80 минут
1.     «Айгүл Иманбаеваның продюсерлік орталығы («Айттым ғой...»)
2.    «Серпін» продюсерлік орталығы («Satty Day»)
3.    «Аружан и Компания» продюсерлік орталығы («Алтын жебе» жас таланттардың ашық байқауы)
4.    «Adam Media Group» («Поющие професий» «Canada Sings» лицензиялық жобасы)

Жанрлық бағыты: апталық әлеуметтік тележурнал, ұзақтығы 15 минут
1.  «Adel Production» («Бір кем дүние»)
2.  «Аружан и Компания» продюсерлік орталығы («Асар» телевизиялық ақпараттық-әлеуметтік бағдарламасы)

Жанрлық бағыты: еліміздегі аграрлық сектор туралы апталық танымдық тележурнал, ұзақтығы 15 минут
1.  «Magic Wood» ЖШС («Кәсіп пен нәсіп»)
2.  «Image Production» («Я – фермер»)
3.  «Апорт» ЖШС («Кең дала»)

Жанрлық бағыты: шағын және орта бизнес туралы ақпараттық танымдық тележурнал, ұзақтығы 15 минут
1.  «Good Company  Production» («Кейс метод. Бизнес по-казахски»)
2.  «Стратегиялық коммуникациялар» медиа агенттігі («Тең мүмкіндіктер мекені»)

Байқауға атсалысқан барлық мамандарға алғыс білдереміз!  Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55-33-32 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

Апталық отбасылық жоба

апталык

Аграрлық сектор

агролык

Шағын және орта бизнес

шагын

Апталық әлеуметтік тележурнал

апталык

Демалыс күнге арналған

ltvfjsc

Хабарламаларға жазылу