«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның телевизиялық жобалар бойынша жариялаған байқауына өтінімдер қабылдау аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның телевизиялық жобалар бойынша жариялаған байқауына өтінімдер қабылдау аяқталды

24.01.2017
«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның телевизиялық жобалар бойынша жариялаған байқауына өтінімдер қабылдау аяқталды

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның телевизиялық жобалар бойынша жариялаған байқауына өтінімдер қабылдау аяқталды.

9-20 қаңтар аралығында еліміздегі түрлі продюсерлік орталықтар мен студиялардан  5 бағыт бойынша барлығы 90-ға жуық жұмыс келіп түскен.

Оның ішінде 13 танымдық тележурнал - аграрлық сектор туралы, 16 бағдарлама -  еліміздегі шағын және орта бизнес тақырыбында, отбасылық жоба - 8, әлеуметтік тақырыпқа қатысты бағдарлама – 18, демалыс күндерге арналған ойын-сауықтық бағыттағы бағдарламалар - 32.  

Қазіргі уақытта келіп түскен жұмыстарға қатысты Корпорация ішкі реттеу жұмыстарын жүргізуде. Екісатылы кезең бойынша, яғни, эксперттік комиссия және Көркемдік кеңестің қарауынан кейін әр бағыт бойынша тек 1 жұмыстан ғана таңдап алынатын болады. 

Іріктеуден өткен телеөнімдер тізімі ресми жарияланады. 

Байқауға атсалысқан барлық мамандарға алғыс білдереміз!

Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55-33-32 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

Хабарламаларға жазылу