19 қаңтарға арналған күнтізбе - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

19 қаңтарға арналған күнтізбе

19.01.2017
19 қаңтарға арналған күнтізбе

19 қаңтар, бейсенбі, 2017 жыл

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2012) Қарағандыда Абылай ханның 300 жылдығына орайластырылып, 2 томдық «Қазақ ханы Абылай» шығарылымы жарық көрді. Оның авторы доктор, профессор Зарқын Тайшыбай.

ЕСІМДЕР

52 жыл бұрын (1965) бокстан еңбек сіңірген спорт шебері, әлем, Еуропа және КСРО чемпионы РУЖНИКОВ Игорь Иванович дүниеге келді.

51  жыл  бұрын (1966) генерал-майор, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі АЛТЫНБАЕВ Мүсілім Мұхтарұлы дүниеге келді.

36 жыл бұрын (1981) жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі, Азияның, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының рекордсмені  МЕЛЕШЕНКО  Евгений Васильевич дүниеге келді.

281 жыл бұрын (1736-1819) шотланд инженері және өнертапқыш УАТТ Джеймc дүниеге келді.

208 жыл бұрын (1809-1826) американ жазушысы, ақын, сыншы, детективті жанр ретінде қалыптастырған қаламгер ПО Эдгар дүниеге келді.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу