Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг – «Бүгін жексенбіде» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг – «Бүгін жексенбіде» қонақта

18.01.2017
Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг – «Бүгін жексенбіде» қонақта

Осы аптада «Бүгін жексенбі» бағдарламасының қонақтары:

  • Өнердегі апалы-сіңлі Жазира, Назира, Ләззат Байырбековалар  
  • Галбадрах Отгонцэцэг - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. 11-12 ақпан күндері Франция елінің астанасы Парижде өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысады. Ол - ұлттық құрамада қыздар арасында қатысатын жалғыз спортшы.
  • Алина Ахмет - Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы. «Ақылды үй» жобасының авторы. Дүниежүзілік зияткерлік меншік үйінің байқауында бас жүлдені жеңіп алған.

 

  • Одан басқа, Сіздер төмендегі тақырыптағы сюжеттерді тамашалай аласыздар:
  • 20 қаңтардан бастап  ресейлік маман Елена Сергеевна суретке түсу мен түсірудің шеберлік сыныбын өткізеді.
  • 21 қаңтарда елордада жыл сайын жасақталатын балаларға арналған «ЮНИОР» футбол клубы өз жұмысы бастайды. Қазірдің өзінде 50-ге жуық болашақ футболшылар жиналған.
  • Әлемдегі ең қуатты 8 қару.
  • «Ақерке, мен сені сүйемін...» атты отандық жаңа туынды 2 ақпанда көпшілікке жол тартпақ. «Галактика сақшылары» мультфильмі қазақ тіліне дубляждалды.
  • Кітапты жылдам оқу әрі есте сақтаудың технологиясын үйрететін орталық. Күрделі сандар мен деректерді қалай тез жаттап, есте сақтауға болады?

 

22 қаңтар cағат 09:30-да  Ұлттық арна қосулы болсын!

 

Хабарламаларға жазылу