16 қаңтарда Ұлттық арнада техникалық үзіліс жарияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

16 қаңтарда Ұлттық арнада техникалық үзіліс жарияланады

16.01.2017
16 қаңтарда Ұлттық арнада техникалық үзіліс жарияланады

«Қазтелерадио» АҚ Ұлттық телерадио тарату желісінің техникалық орталығының 2017 жылға арналған  жоспарлы-профилактикалық жұмыстары мен бақылау өлшемдерінің кестесіне сәйкес,  2017 жылдың 16 қаңтарында сағат 03:00-17:00 және 17 қаңтар сағат 14:00-16:00 аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның техникалық құралдарында тоқсандық бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 16 қаңтар сағат 03:00-17:00 аралығында «Қазақстан» ҰТА, «Балапан» және «Kazsport» телеарналарында техникалық үзіліс болады.

Ал, 17 қаңтарда сағат 14:00-16:00 аралығында «Қазақстан» Ұлттық арнасының аналогтық хабар тарату жүйесінде бақылау жұмыстары жүргізіледі.

«Отау ТВ» желісі арқылы көрсетілетін «Қазақстан» Ұлттық арнасы 17 қаңтар 14:00-16:00 аралығында әдеттегідей хабар таратады.

Хабарламаларға жазылу